Реклама
Реклама

UFC-ге үміткер қазақстандық файтер бірінші раундта нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
09.11.2025, 11:03

Алматыдағы Octagon 81 турнирінде қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Аян Тұрсын (7-1) тамаша жеңіске жетті.

Instagram/@ayantursyn1

Аян Тұрсын қырғызстандық Динара Жолчубайкызына (3-2) қарсы жекпе-жек өткізді. Минималды салмақтағы айқас ұзаққа созылмады. Қазақстандық файтер бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл жекпе-жек Аян Тұрсынның кәсіби мансабындағы сегізінші жеңісі болды. Ал Динара Жолчубайкызы үшін бұл – үшінші жеңіліс.

Айта кетсек, Аян Тұрсын — Қазақстаннан UFC-ге өтуге үміткер спортшылардың бірі. Бұған дейін ол қырғыз спортшысы Фарида Абдуеваға (5-1) күтпеген жерден жол берген.

Реклама
Реклама