Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шавкат Рахмонов салмағындағы жекпе-жек ауыр нокаутпен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 17:00

АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен UFC on ESPN 73 турнирінің басты айқасы күтпеген финалмен аяқталды. Бразилиялық жартылай орта салмақ өкілі Габриэль Бонфим америкалық Рэнди Браунды ауыр нокаутқа түсірді.

espn.com.au
Реклама
Реклама

Кездесудің екінші раундында Бонфим қарсыласын тізесімен дәл ұрып, оны бір сәтте есеңгіретіп жіберді. Рефери жекпе-жекті дереу тоқтатты. Бұл әсерлі жеңістен кейін бразилиялық файтер Колби Ковингтонға ашық түрде шақыру тастады.

28 жастағы «Марретинья» лақап атты Бонфим үшін бұл жеңіс мансабындағы 19-шы және UFC аясындағы алтыншы жеңісі болды. Оның еншісінде бар-жоғы бір ғана жеңіліс бар.

Ал 35 жастағы америкалық Рэнди Браун кәсіби мансабында 20 жеңіс пен 7 жеңіліске ие болды.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары