Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

«Кунг-фу патшасы» бір минутта нокаутқа түсті

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:16

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC Fight Night турнирінде ресейлік файтер, «кунг-фу патшасы» атанған Муслим Салихов ауыр жеңіліске ұшырады. Оны сербиялық файтер Урош Медич бар болғаны 63-секундта нокаутқа жіберді,

mmafighting.com
Реклама
Реклама

Бір минутқа жетпеген айқас

Жекпе-жек UFC Apex аренасында, жартылай орта салмақ (77,1 кг) санатында өтті. Айта кетсек, бұл салмақ дәрежесінде қазақстандық Шавкат Рахмонов әлемдік рейтингтің үшінші нөмірі болып табылады.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта-ақ аяқталды. Медич бастапқы шабуылдардың бірінде қарсыласын дәл соққымен сілкіндіріп, нокдаунға түсірді. Ресейлік файтер қорғаныссыз қалған сәтте рефери жекпе-жекті тоқтатты — уақыт 1 минут 03 секунд.

Медичтің жеңісті сериясы жалғасты

Бұл жеңіс Урош Медичтің UFC-дегі екінші қатарынан жеңісі болды. Қазір оның кәсіби рекорды — 12 жеңіс және 3 жеңіліс, ал ерекше жайт — барлық 15 жекпе-жегі де мерзімінен бұрын аяқталған.

41 жастағы Муслим Салихов осыған дейінгі үш жеңісті сериясын тоқтатты. Енді оның рекорды — 22 жеңіс пен 6 жеңіліс. Салихов ММА жанкүйерлеріне өзінің кунг-фу стиліндегі техникасымен және ерекше ұрысу мәнерімен танымал.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары