Ұлты қазақ төрт боксшы Қытай чемпионатында жүлдегер атанды
15.11.2025, 08:57
XV кезекті бүкілқытайлық спартакиадасының бокс жарыстары 14 қараша күні өз маресіне жетті.
Сурет: ашық дереккөздерден
14 күнге созылған байрақты бәсекеде ұлты қазақ төрт боксшы жүлде тұғырынан көрінді. Олардың қатарында Ердәулет Майланбек (71 келі) және Байқоныс Данабек (+92 келі) алтын медаль иеленді.
Сонымен қатар, Бейжің қаласы атынан шаршы алаңға шыққан Ұлпар Қарқын (71 келі) күміс медаль, ал Ербол Үсен (80 келі) қола медаль жеңіп алды.
Айта кетерлігі, Азия ойындарының чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы Тоқтарбек Таңатқан ширек финалда сүрінді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама