Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Каирде өткен турнирде күтпеген жерден екінші рет жеңіліс тапты.
Тараз тумасы Лукас америкалық қарсыласы Кэтрин Ренеимен рингте жолықты. Египеттің астанасында өткен кештің басты жекпе-жегі толық 10 раундқа созылып, тартысты өтті.
Үш төрешінің екеуі жеңісті АҚШ боксшысына берді:
Осылайша Кэтрин Рене WBA Gold чемпиондық белбеуінің иегері атанды.
36 жастағы Рене енді кәсіби рингтегі көрсеткішін сегіз жеңіске (үшеуі — нокаут) жеткізді. Оның еншісінде бес жеңіліс бар, соның бірі — мерзімінен бұрын аяқталған.
Ал Ангелина Лукас мансабындағы екінші жеңілісіне тап болды. Оның 10 жекпе-жектен тұратын жеңісті сериясы үзілді. 28 жастағы қазақстандық спортшының рекорды қазір:
Каирдегі кездесуге дейін Лукас абсолютті әлем чемпионы Габриэла Фундораға ашық түрде шақыру тастаған. BoxRec рейтингі бойынша Ангелина Лукас салмақ дәрежесінде әлемнің үшінші нөмірі еді. Ал Кэтрин Рене топ-30 қатарына кірмеген, көбіне одан да жеңіл дивизиондарда жұдырықтасып келген.