Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстан World Boxing әлем кубогында медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:50

Нью-Дели (Үндістан) қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымдастырған әлем кубогының финалдық кезеңінде қазақстандық боксшы Санжарәлі Бегалиев алғашқы жекпе-жегін сәтті аяқтады.

Instagram/@boxingkazakhstan
Реклама
Реклама

Ширек финалда отандасымыз Оңтүстік Корея боксшысы Ким Мин Сён кездесті. Санжарәлі рингте айқын басымдық танытып, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Бұл жекпе-жек Бегалиевтің сенімді техникасы мен жылдамдығын тағы бір дәлелдеді.

Осылайша Санжарәлі Бегалиев турнирдің жартылай финалына шықты. Бұл нәтиже оған кем дегенде қола медальды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, Нью-Делидегі финалдық кезеңде Қазақстан ерлер құрамасы сегіз салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары