Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

UFC 322: Төрт нокаутер 50 мың доллардан бонус алды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:56

UFC промоушені Нью-Йоркте өткен UFC 322 турниріндегі ең әсерлі жеңістер үшін төрт файтердің әрқайсысына 50 мың доллардан берді. 

instagram/@ufc
Реклама
Реклама

Титулдық жекпе-жектер ұзаққа созылды, бірақ бонуссыз қалды

Турнирдің екі басты титулдық кездесуі, яғни ерлердің жартылай орта салмағында Ислам Махачев және әйелдердің ең жеңіл салмағында Валентина Шевченко бір ауыздан шыққан 50–45 есебімен жеңіске жетті. Бірақ қос жекпе-жек те шоу тұрғысынан аса әсерлі болмағандықтан бонусқа лайық деп танылмады.

UFC бұл кеште нокауттар өте көп болғанын ескере отырып, төрт бірдей файтерге «Кештің үздік өнер көрсетуі» бонусын берді.

Карлос Пратес — экс-чемпионды нокауттады

Ислам Махачевтің болашақ қарсыластарының бірі ретінде қарастырылып жүрген Карлос Пратес бұрынғы UFC чемпионы Леон Эдвардсты айқын нокаутпен жеңді.

Майкл Моралес — рейтингтің №2 файтерін тоқтатты

Тағы бір ықтимал үміткер Майкл Моралес рейтингтің екінші нөмірі Шон Брэдиге ауыр нокаут жасады. Оның жеңісі турнирдің басты кардында болды.

Бенуа Сен-Дени — 16 секундтағы нокаут

Жеңіл салмақта өнер көрсеткен Бенуа Сен-Дени Бенейл Дариушты бар болғаны 16-секундта құлатты. Бұл кештің ең жылдам әрі ең әсерлі нокауты болды.

Бо Никал — сәтті камбэк

Перспективалы орта салмақ файтері Бо Никал октагонға алғашқы жеңілістен кейін қайта оралып, Родольфо Виероны басына бағытталған тепкімен нокаутқа жіберді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары