Қазақстан әлем кубогы финалында қанша медаль жеңіп алды
20.11.2025, 23:00
Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен бокстан әлем кубогының соңғы кезеңінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте сегіз медаль иеленді.
Instagram/@boxingkazakhstan
Қазақстан құрамасының медаль қоржынында — 8 жүлде
Жарыстың финалдық кезеңінде ұлттық құрама келесі нәтижелерге қол жеткізді:
Алтын медаль
-
Сұлтанбек Айбарұлы — 85 кг дейінгі салмақ дәрежесі
Қазақстан үшін жалғыз алтынды дәл осы боксшы еншіледі.
Күміс медаль
-
Нұрбек Мұрсал — 70 кг
Финалда жергілікті қарсыласқа аздап жол беріп, күміс жүлде қанағат тұтты.
Алты қола медаль
Ерлер құрамасы:
- Санжарәлі Бегалиев — 80 кг дейін
- Даниял Сапарбай — 90 кг үсті
Әйелдер құрамасы:
- Жансая Рахымберды — 51 кг дейін
- Ұлжан Сәрсенбек — 57 кг дейін
- Диана Мағауияева — 80 кг дейін
- Әсел Тоқтасын — 80 кг жоғары
Айта кетейік, бұл жарыста Қазақстан атынан 13 боксшы бақ сынады:
- 8 — ерлер құрамасы,
- 5 — әйелдер құрамасы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама