Қазақстан күресінің үміті африкалық балуанды ойсырата жеңіп, Исламиада жартылай финалына жолдама алды.
Эр-Риядта өтіп жатқан Исламиада-2025 турнирінде Қазақстанның еркін күрес жұлдызы Нұрқожа Қайпанов кезекті белдесуін мерзімінен бұрын аяқтап, жартылай финалға жолдама алды.
Бұл жолы оның қарсыласы — 31 жастағы камерундық Монти Жака Седрик. Белдесу толыққанды бәсекеге ұласпай, Қайпанов 10:0 есебімен техникалық жеңіске жетті. Осылайша, Петропавлда туған балуан жартылай финалға шықты.
Исламиададағы алғашқы белдесуінде отандасымыз өзбек балуаны Жафар Чулибоевты 11:0 есебімен ұтқан еді.
Нұрқожа Қайпанов 1998 жылы 21 маусым күні Петропавлда туған.
Негізгі жетістіктері: