Реклама
Реклама

Исламиада-2025: Нұрқожа Қайпанов күтпеген жерден жеңіліс тапты

Сарапшы, спорт журналисі
21.11.2025, 16:47

Жартылай финалда Нұрқожа Иран елінің спортшысымен кездескен еді.

ҰОК

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Нұрқожа Қайпанов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалына шыға алмады.

74 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Нұрқожа ирандық Юнес Эмамичогаеиге есе жіберді. Белдесу 6:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қайпанов қола медаль үшін күресетін болады. Қарсыласы – қырғызстандық Орозобек Токтомамбетов.

Айта кетейік, 2022 жылы өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарында Нұрқожа турнирді 5-орынмен аяқтаған болатын.

Реклама
Реклама