Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі «Grand Slam» турниріне аттанады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 18:58

Қазақстан құрамасының лидері, JENYS клубының капитаны Әбиба Әбужақынова дзюдодан Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне жол тартады. Онымен бірге ұлттық құраманың басқа да жұлдызды спортшылары аттанбақ.

inform.kz
Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасының толық құрамы

Әйелдер құрамасы:

  • Әбиба Әбужақынова — 48 кг
  • Бақыт Құсақбаева — 57 кг
  • Эсмигүл Құйылова — 63 кг

Ерлер құрамасы:

  • Мағжан Шамшадин — 60 кг
  • Аман Бақытжан, Нұрқанат Серікбаев,Ғұсман Қырғызбаев — 66 кг
  • Есет Қуанов — 73 кг
  • Азат Күміспай, Абылайхан Жұбаназар — 81 кг
  • Ермахан Әнуарбеков — 90 кг
  • Марат Байқамұров, Нұрлыхан Шархан — 100 кг
  • Еламан Ерғалиев — +100 кг

Абу-Дабидегі Grand Slam: үздіктер жиналатын дүбірлі дода

28–30 қараша аралығында өтетін бұл әлемдік турнирге 53 елден 401 дзюдошы қатысады. Олар медаль және Олимпиада рейтингіне қажетті ұпайлар үшін күреседі.

Жарысқа әлемдік дзюдодан ең мықты спортшылар келеді. Олардың қатарында:

  • Хидаят Хейдаров
  • Лаша Бекаури
  • Ассунта Скутто
  • Дистрия Красничи
  • Гиорги Сардалашвили
  • Фран Гарригос
  • Махмадбек Махмадбеков
  • Тамерлан Башаев
  • Музаффарбек Туробоев

және тағы көптеген әлем чемпионы мен Олимпиада жүлдегері бар.

Турнирге Елдос Сметов қатыспайды. Ол жуырда жаттығуын қайта бастаған және татамиге 2026 жылдың басында оралуды жоспарлап отыр.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары