Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жаңа орынға ие болды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 13:42

Соңғы рет қазақстандық файтер жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізген еді.

Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images
Реклама
Реклама

UFC Дохада өткен турнирден кейін жартылай орта салмақтағы жауынгерлер рейтингін жаңартты.

Топ-15-те өзгерістер болды: ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри Белал Мұхаммедті жеңгеннен кейін төртінші орыннан екінші орынға көтерілді. Белал үш позиция төмендеп, бесінші орынға түсті. Карлос Пратес бір саты жоғары көтеріліп, алтыншы орынға жайғасты. Қазақстандық Шавкат Рахмонов төртінші орыннан үшінші орынға қайта оралып, Майкл Моралесті артта қалдырды.

Бірінші орында бұрынғы чемпион Джек Делла Маддалена тұр, ал қазіргі чемпиондық белдікті Ислам Махачев ұстап келеді.

Шавкаттың соңғы жекпе-жегі

Еске сала кетейік, Рахмонов октагонға соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында шығып, Иен Гарриді жеңген.

Қазіргі таңда қазақстандық файтер жартылай орта салмақ рейтингінде төртінші орында және оның кәсіби рекорды — 19 жекпе-жек, 19 жеңіс.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары