Бақтияр Нариманов Таиландта өткен тай боксы турнирінде International Champion атағын иеленді. 17 жастағы отандасымыз кәсіби рингте бар болғаны екінші жекпе-жегінде чемпиондық белбеу алды.
Турнир аясындағы титулдық жекпе-жекте алматылық Бақтияр Нариманов жергілікті фаворит, рекорды 10-2 болып келген тай боксшысы Джонгсананлекке қарсы жұдырықтасты.
Қарсыласының тәжірибесі мол болғанына қарамастан Нариманов айқасты өте сенімді өткізді. Екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеуді иеленді.
Бұл – жас қазақстандық үшін кәсіби деңгейдегі бар-жоғы екінші айқасы. Ол мамыр айында Өзбекстан спортшысына қарсы дебюттік жекпе-жегін өткізіп, сол кезде де жеңісті мерзімінен бұрын рәсімдеген.
Жас чемпион жекпе-жектен кейін эмоциясымен және айқастың қалай өткенін айтты.
«Қарсыласым өте тәжірибелі болды. Ол кәсіби рингте 10-нан астам жекпе-жек өткізген. Қорғанысы мықты, соққыны жақсы ұстайды. Екінші раундта оны ашылуға мәжбүрледім де, қарсы қозғалысына шынтақпен дәл соққы жасадым. Сол сәттен кейін оның қайта тұра алмайтыны белгілі болды», – дейді Бақтияр Нариманов Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында.
Ол сондай-ақ:
«Қазір мені эмоция кернеп тұр. Таиландта жеңіске жетіп, Қазақстанның туын көтергеніме қуаныштымын», – деп атап өтті.
Бақтияр Нариманов – Алматы қаласының тумасы. Жас болғанына қарамастан, ол әуесқой деңгейде айтарлықтай жетістіктерге жетіп үлгерген: