Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық профи өзбек чемпионына сабақ берді

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 00:20

Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының боксшысы Санатәлі Төлтаев Ташкентте өткен спаррингте атақты өзбек қарсыласына өзінің жоғары деңгейін көрсетті.

instagram/@sanatali_toltayev
Реклама
Реклама

Ташкенттегі халықаралық оқу-жаттығу жиыны

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Ташкентте жатқан оқу-жаттығу жиындарын жалғастырып жатыр. Жиынға Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан және Таиланд құрамалары қатысуда. Командалар бір-бірімен спарринг өткізіп, жаңа маусымға дайындықты пысықтап жатыр.

Өзбекстандық Katta_sport инстаграм-аккаунты Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының спаррингі түсірілген бейнеролик жариялады. Онда 2025 жылғы Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев 2025 жылғы VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы Абдуллох Мадаминовпен жекпе-жек эпизодтары көрсетілген.

Кәсіпқой рингте өнер көрсетіп жүрген Санатәлі Төлтаев спарринг барысында өзін сенімді ұстады. Роликтегі үзінділерден қазақстандық боксшының темпті бақылауда ұстап, шабуыл мен қорғанысты шебер үйлестіргенін көруге болады. Осылайша ол атақты өзбек боксшысына қарсы айқын техникалық және тактикалық басымдығын байқатты.

Жиын қашанға дейін созылады?

Ташкенттегі халықаралық оқу-жаттығу жиындары 19 қарашада басталды. Жоспар бойынша желтоқсан айының басына дейін жалғасады. Осы кезеңде қазақстандық боксшылар Азияның мықты құрамаларымен бірге тәжірибе алмасып, алдағы басты жарыстарға дайындықты пысықтамақ.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары