Кикбоксингтен әлем чемпионаты: Қазақстан 20 медаль жеңіп алды
30.11.2025, 21:27
Кикбоксингтен Қазақстан құрамасы Абу-Дабиде (БАӘ) өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында 20 медаль (3 алтын, 10 күміс, 7 қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте ТОП-12 қатарына кірді.
Instagram/@kaz_kickboxing
Абу-Дабидегі әлем чемпионаты: 85 ел, 1964 спортшы
Жаһандық додаға 85 мемлекеттен 1964 спортшы қатысып, түрлі салмақ дәрежелерінде жүлделерді сарапқа салды.
Әлем чемпионатына Қазақстан атынан 49 кикбоксшы шықты. Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрама 3 алтын, 10 күміс және 7 қола жүлде иеленіп, жалпыкомандалық есепте 12-орынға тұрақтады.
Бұл нәтиже Қазақстан кикбоксингінің әлемдік деңгейде тұрақты түрде дамып келе жатқанын айқындайды.
Full-contact бойынша жүлдегерлер
Алтын медаль иегерлері:
- Нұрасыл Тілектесов – 51 кг
- Дінмұхамед Бәймұратов – 54 кг
- Батырхан Қуандықов – 67 кг
Күміс медаль иегерлері:
- Мақсат Үсіп – 71 кг
- Марғұлан Айдарұлы – 75 кг
- Мұса Мерзиев – 63,5 кг
- Фазлиддин Сафаров – +91 кг
Қола медаль иегерлері:
- Лаура Нышанбай – 56 кг
- Тимур Ганза – 81 кг
K-1 санатындағы жүлделер
Күміс медаль:
- Жандос Назарбеков – 60 кг
Қола медаль:
- Әли Әбутәли – 67 кг
Low-kick: Қазақстандықтар үшін табысты бағыт
Күміс медаль иегерлері:
- Әлихан Оздоев – 67 кг
- Дулат Дүйсенов – 60 кг
- Диас Қарманов – 57 кг
- Шара Хамзина – 65 кг
Қола медаль иегерлері:
- Нұрман Әбілтай – 51 кг
- Сарвар Сұлтанмонов – 54 кг
- Илмаил Люшанло – 63,5 кг
- Бекнұр Дауылбаев – +91 кг
Light-contact: ауыр салмақтағы күміс
Күміс медаль:
- Нұрсет Ғалымбекұлы – +94 кг
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама