Орта салмақтағы қазақ чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Эрисланди Ларамен өткелі жатқан біріктіруші жекпе-жекте жеңіске жетсе, «абсолют» жекпе-жегіне жол ашылмақ.
Америкалық Yardbarker.com басылымының хабарлауынша, Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек жеңімпазы орта салмақтағы соңғы, жетіспей тұрған белбеуге таласуға мүмкіндік алады. Бұл жекпе-жек 7 желтоқсан таңында АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында өтеді.
Жәнібек – WBO және IBF тұжырымдамаларының чемпионы, ал Лара – WBA нұсқасы бойынша әлемдік белбеу иегері.
Осылайша кездесу жеңімпазы орта салмақтағы төрт негізгі белбеудің үшеуін біріктіріп, абсолютті чемпиондыққа бір қадам жақындайды.
Жәнібек Әлімханұлы бұл айқасқа әсерлі көрсеткішпен келіп отыр. Ол соңғы төрт қарсыласын да мерзімінен бұрын жеңген.
2025 жылдың сәуірінде Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта техникалық нокаутпен тоқтатты.
Соңғы рет толық қашықтықты 2022 жылғы қарашада Дензел Бентлиге қарсы кездесуде жүріп өткен.
Осы нәтижелердің арқасында Жәнібек қазір орта салмақтың ең қауіпті және ең тиімді боксшылардың бірі ретінде аталып жүр. Google іздеуінде де «Жәнібек Әлімханұлы нокауттары», «Janibek Alimkhanuly KO» сияқты сұраныстар жиілеп келеді.
Эрисланди Лара – рингке шығатын жай ғана чемпион емес, екі салмақ дәрежесінде бұрын белдік иеленген мықты тәжірибелі боксшы.
2024 жылдың қыркүйегінде Лара екі дивизионның бұрынғы чемпионы Дэнни Гарсияны тоғызыншы раундта тоқтатқан. Алайда ол қазір 42 жаста, яғни жас жағынан Жәнібекке айтарлықтай жол береді.
Тәжірибе мен рингті сезіну – Лараның басты артықшылығы болса, жылдамдық пен қарқын – Әлімханұлының негізгі күшті жақтары. Көп сарапшы бұл жекпе-жекті «жастық пен тәжірибенің айқасы» деп сипаттап отыр.
Yardbarker.com болжамынша, Жәнібек Әлімханұлы – Эрисланди Лара айқасының жеңімпазы орта салмақтағы соңғы, жетіспейтін белбеу иесі – WBC чемпионы Карлос Адамеске қарсы жұдырықтасу мүмкіндігіне ие болады.