Реклама
Реклама

Шавкат Рахмоновтың жарақаттан кейінгі бірінші қарсыласы аталды

Сарапшы, спорт журналисі
02.12.2025, 16:16

Соңғы жекпе-жегін қазақстандық файтер 2024 жылы, желтоқсан айында өткізген еді.

Коллаж

UFC жартылай орта салмақ дәрежесіндегі америкалық файтер Шон Брэди бұрынғы чемпион Камару Усман ресейлік Ислам Махачевпен титулдық жекпе-жекке лайық емес деп санайды.

Брэдидің пайымдауынша, Усман үшін ең тиімді келесі қарсылас рейтингте үшінші тұрған қазақстандық Шавкат Рахмонов болмақ.

"Камару қатарынан үш жекпе-жекте жеңілді және Баклиді ұтты. Менің ойымша, Махачев оны оңай жеңеді. Моралес мықты, ол күшті файтер. Ол Исламға ең көп қиындық туғызады. Ал Усман Камару Шавкатпен айқассын", — деді Шон bradyBagz подкастында.

Еске салсақ, Шавкат Рахмонов ұзақ үзілістен кейін октагонға оралуға дайындалып жатыр. Үзіліс жарақат пен отадан кейінгі реабилитацияға байланысты болған.

Реклама
Реклама