Реклама
Реклама

«Қаласа, ертең-ақ жұдырықтасамыз»: Баходир Джалолов Джейк Полмен жекпе-жекке дайын

Сарапшы, спорт журналисі
02.12.2025, 19:45

Екі дүркін Олимпиада чемпионы, Өзбекстанның танымал алып боксшысы Баходир Джалолов америкалық блогер Джейк Полмен жекпе-жекке шығуға қарсы емес екенін айтты. 

offside.kz

Баходир Джалоловтың блогерлермен айқасуға қатты қызықпайды, бірақ Джейк Пол шаршы алаңға шығуға дайын болса, жекпе-жекке бірден келісетінін жасырмайды.

Өзбек былғары қолғап шебері бұл туралы былай деді:

«Маған бәрібір. Джейк Полмен кез келген уақытта, кез келген жерде – ол қаласа, тіпті ертең-ақ жұдырықтасуға дайынмын. Ол – блогер, ал біз – спортшымыз. Блогерлермен төбелесуге немесе сондай пиарға онша қызықпаймын. Бірақ егер Джейк Пол шынымен: “Мен жекпе-жекке шығамын” десе – ертең болса да проблема емес», – дейді Джалолов.

Баходир Джалоловтың соңғы жекпе-жегі 14 қараша күні Ташкентте өткен бокс кешінде болды.

Бұл кездесуде ол жеңілмеген нигериялық қарсылас Соломон Адебайоны 8-раундта техникалық нокаутпен жеңіп, кәсіби рингтегі мәртебесін тағы да нығайтты.

Ал америкалық блогер-боксшы Джейк Полдың келесі жекпе-жегі 2025 жылдың 19 желтоқсанына жоспарланған. Оның қарсыласы ретінде британдық бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа аталып отыр.

Реклама
Реклама