Назым Қызайбай World Boxing рейтингінде орнын жоғалтты
Халықаралық World Boxing ұйымы 2025 жыл қорытындысы бойынша әйел боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Ұлттық құрама капитаны Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақта көшбасшылық орнын беріп қойды.
World Boxing рейтингінде кімдер көш бастап тұр?
Жаңартылған тізімде қазақстандық екі боксшы өз салмақ дәрежесінде рейтингті бастап тұр:
- 65 кг дейін – Аида Әбікеева – 1-орын, 1575 ұпай;
- 70 кг дейін – Наталья Богданова – 1-орын, 1650 ұпай.

Бұл салмақтарда қазақстандық спортшылар World Boxing нұсқасы бойынша әлемнің үздігі саналады.
Назым Қызайбай енді – екінші орында
Бірнеше жыл қатарынан 48 келіге дейінгі салмақта рейтинг шыңында тұрған Назым Қызайбай жаңа тізімде бір саты төмен түсіп, 2-орынға жайғасқан. Соған қарамастан ол әлі де әлемнің үздік боксшыларының бірі болып қалып отыр және өзінің салмақ дәрежесінде негізгі фавориттердің қатарында.
World Boxing ұйымының әйелдер рейтингінде қазақстандық спортшылар келесідей орындарда тұр:
- 48 кг дейін – Назым Қызайбай – 2-орын;
- 51 кг дейін – Алуа Балқыбекова – 2-орын;
- 57 кг дейін – Карина Ибрагимова – 11-орын;
- 60 кг дейін – Виктория Графеева – 3-орын;
- 75 кг дейін – Надежда Рябец – 13-орын;
- 80 кг дейін – Гүлсая Ержан – 6-орын;
- 80 кг-нан жоғары – Елдана Тәліпова – 3-орын.