Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қазақстандық таэквондошы әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
03.12.2025, 20:30

Бейбарыс Қаблан (WT) нұсқасы бойынша 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Жарыс Кенияда өтіп жатыр.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Финалдағы Корея өкілімен шешуші айқас

Финалдық белдесуде Бейбарыс Қаблан таэквондо отаны саналатын Оңтүстік Кореядан келген спортшы Ян Чжунёнмен кездесті. Қазақстандық таэквондошы шешуші жекпе-жекті сенімді өткізіп, қарсыласынан басым түсті.

Бейбарыс Қаблан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті және турнир бойы барлық кезеңнен сәтті өтті.

Оның чемпиондық жолы былай өрбіді:

  • топтық және алғашқы кезеңдерде Үндістан мен Түркия өкілдерін жарыс жолынан шығарды;
  • жартылай финалда Иран спортшысы Амирмохаммад Ашрафиді тартысты жекпе-жекте 2:1 есебімен ұтты;
  • финалда Оңтүстік Корея қарсыласын жеңіп, алтын медаль иемденді.

Әлем чемпионаты: 75 ел, 500-ге жуық спортшы

Кенияда өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі таеквондо бойынша әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады.

Турнирге 75 елден шамамен 500 спортшы қатысып жатыр. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары