Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

World Boxing Қазақстанның Өзбекстаннан басымдығын атап өтті

Сарапшы, спорт журналисі
04.12.2025, 10:30

Қазақстан Бокс федерациясының ресми инстаграм аккаунты бокс жанкүйерлері арасында ең танымал деп аталды.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

World Boxing құрамындағы барлық ұлттық федерациялар арасында алғашқы орынға 300 мың жазылушысы бар ҚБФ аккаунты шыққан. Екінші орында — 218 мың жазылушысы бар АҚШ бокс федерациясы. Үшінші орын Өзбекстан Бокс федерациясына тиесілі — 194 мың жазылушы.

«Бокс әрқашан бәсеке туралы болатын — тек рингте ғана емес, әлеуметтік желілерде де. Бұл таңғаларлық емес: біз 2025 жылы өмір сүріп жатырмыз, мұнда лайк, пікір және репост – ойынның бір бөлігі. Біз ең ықпалды платформа — инстаграмдағы танымдылығы бойынша қандай ұлттық бокс федерациялары көш бастап тұрғанын қарап көрдік. Құрметті ханымдар мен мырзалар, жазылушылар саны бойынша Қазақстан бірінші орында! Одан кейін АҚШ, Өзбекстан, Англия және үздік бестікті Италия түйіндейді. Тамаша жұмыс, құрметті федерациялар — өсе беріңіздер, шабыт сыйлап, жанкүйерлермен байланыста болыңыздар», — деп хабарлайды ұйымның инстаграмы.

Айта кетейік, қазіргі таңда World Boxing президенті — қазақстандық Геннадий Головкин. Ол бұл қызметке 23 қараша күні Римде өткен федерацияның Дүниежүзілік конгресінде сайланған.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары