Таэквондодан ӘЧ-2025: Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті (ВИДЕО)
04.12.2025, 19:22
Кения астанасы Найробидегі таэквондодан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлде жеңіп алды.
sports24.kz
Темірлан Тілеулес – әлем біріншілігінің қола жүлдегері
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Темірлан Тілеулес әлем чемпионатының қола медалін еншіледі. Жартылай финалда ол түркиялық Айдоган Хамза Османмен жұдырықтасты. Тартысты өткен кездесуде Темірлан қарсыласына жол беріп, нәтижесінде турнирді үшінші орынмен аяқтады.
Бұл жүлде – Қазақстан жастар құрамасының Найробидегі әлем біріншілігіндегі екінші медалі.
Бірінші “алтын” Бейбарыс Қабыланға бұйырды
Осыған дейін ауыр салмақта (+87 кг) өнер көрсеткен Бейбарыс Қабылан әлем чемпионатының алтын медалін иеленген.
Осылайша Найробидегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге бір алтын және бір қола медаль бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet
Реклама
Реклама