Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Александр Усик әлемнің үздік боксшысын атады

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:20

Украиналық боксшы pound-for-pound көшбасын атады.

Александр Усик. Фото: Getty Images
Реклама
Реклама

Әлем чемпионы Александр Усик өзіне емес, америкалық Терренс Кроуфордқа әлемнің үздік боксшысы атағы лайық деп санайды. Оның айтуынша, Кроуфордтың деңгейі қазіргі таңда кез келген спортшыдан жоғары.

Қыркүйекте Кроуфорд Сауль «Канело» Альваресты төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті чемпион атанған еді. Кейін WBC ұйымы 50 миллион долларлық гонорары үшін комиссия төлемегені себепті оның чемпиондық белбеуін қайтарып алған.

«Менің ойымша, қазір ең мықты боксшы — Терренс Кроуфорд. Бұл — менің жеке пікірім. Оның Канелоны жеңгеніне таңғалған жоқпын. Бокс алдында маған болжам сұрағанда, мүмкіндіктер 50/50 деп айттым, бірақ ішімнен Кроуфорд жеңеді деп сенгенмін», — деді Усик.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары