Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Үш нокдаун, толық басымдық: Ертуған Зейнуллинов келесі кезеңге шықты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
07.12.2025, 23:49

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған Дубайдағы (БАӘ) 2025 жылғы әлем чемпионатында алғаш рет рингке шығып, өте сенімді жеңіске жетті. 

instagram/@zeinulinov_ertugan
Реклама
Реклама

Моңғолия өкілі үш нокдаун алды

Ертуған Зейнуллинов 1/16 финал кезеңінің 63,5 келіге дейінгі салмағында Моңғолия боксшысы Даваадалай Алтангэрэлмен күш сынасты.

Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша қазылар алқасы бірауыздан қазақстандық боксшының айқын басымдығын тіркеп, есепті 5:0 деп бағалады.Бірінші раундта Зейнуллинов қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Екінші раундта моңғол боксшысы тағы да бір нокдаунға ұшырады.

Қазақстан құрамасы 13 салмақтың бәрінде бар

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы IBA ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатына барлық 13 салмақ дәрежесінде қатысып жатыр.

Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры — 8,32 миллион доллар.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары