Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Данияр Елеусінов елге оралды

Сарапшы, спорт журналисі
12.12.2025, 23:18

Олимпиада чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Қазақстанға келді. 

instagram/@yeleussinovdaniyar
Реклама
Реклама

Астанадан жарияланған видео

Тәжірибелі боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында Астанада түсірілген видеоны жариялады. Бірақ кәсіпқой боксшының елге кенеттен оралу себебі әзірге белгісіз. 

Елеусінов 2017 жылы кәсіпқой мансабын бастау үшін АҚШ-қа аттанған. Оның Америкадағы алғашқы жекпе-жегі 2018 жылғы 28 сәуірде Нью-Йоркте өтті. Қарсыласы — жергілікті боксшы Ноа Кидд. Бұл кездесуде қазақстандық былғары қолғап шебері үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен.

Zuffa аясындағы жоспарлар айтылған

Бұған дейін Елеусінов UFC президенті Дана Уайттың жетекшілігімен өтетін жобаға қатысуы мүмкін екенін мәлімдеген. Әңгіме Zuffa бокстық промоушны шеңберіндегі ықтимал жекпе-жек туралы болған.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов — Қазақстан атынан Олимпиада ойындарында соңғы рет алтын медаль жеңіп алған боксшы. Ол бұл жетістікке Рио-де-Жанейро-2016 Олимпиадасында қол жеткізген.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары