Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Дубайда (БАӘ) IBA ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының нәтижесіне баға беріп, төрешілікке қатысты ойын да айтты.
Сәтжановтың сөзінше, ұлттық құраманың жалпы көрсеткіші жақсы:
«Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Біздің шәкірттер үш алтын, бір күміс және екі қола алды. Мен бәріне ризамын. Жігіттер қолдан келгеннің бәрін жасады, барынша күш жұмсады, лайықты өнер көрсетті. Өздеріңіз де көрдіңіздер, кейбір жекпе-жектер қарсыластардың пайдасына кетті. Дегенмен жалпы алғанда өте ризамын», — деді бас бапкер.
Маман соңғы финалға қатысты нақты пікір білдіріп, Сабыржан Аққалықовтың айқаста басым болғанын атап өтті:
«Менің ойымша, соңғы жекпе-жекте Сабыржан Аққалықов жеңіске жетті», — деді Қайрат Сәтжанов.
Бас бапкердің айтуынша, бұл әлем чемпионаты команда үшін алдағы маңызды жарыстардың алдындағы тәжірибе алаңы болды:
«Енді дайындықты жалғастырамыз. Қателіктермен жұмыс істейміз, тәжірибе жинаймыз. Бұл турнир біз үшін алдағы Азия ойындарының алдындағы дайындық секілді өтті. Жақсы сәттер де болды, қателіктер де кездесті — бәрін саралап, қорытынды шығарамыз».
Сондай-ақ ол 2026 жылы құраманы Азия чемпионаты және өзге де ірі турнирлер күтіп тұрғанын айтып, басты мақсатты нақтылады:
«Ең негізгі старт — Азия ойындары. Сол додаға тыңғылықты дайындалып, елді алтын медальдармен қуантамыз деп сенемін», — деді Сәтжанов.
Еске салайық, IBA әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы алты жүлде жеңіп алды:
Алтын:
Күміс:
Қола: