Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Zuffa ма, әлде елге қызмет пе? Данияр Елеусінов 2026 жылға қатысты тосын ой тастады

Сарапшы, спорт журналисі
15.12.2025, 11:20

Кәсіби бокста жеңілмеген қазақстандық былғары қолғап шебері, 2016 жылғы Олимпиада чемпионы әрі IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Данияр Елеусінов (13-0, 8 KO) Instagram желісінде жанкүйерлеріне тікелей сұрақ қойып, болашағына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады.

instagram/@yeleussinovdaniyar
Реклама
Реклама

Елеусіновтің Instagram-дағы сауалы: “2026 жылы мені қай қырдан көргіңіз келеді?”

“Қазақтың найзағайы” лақап атымен танылған боксшы 2026 жылға жоспарлары жөнінде көпшіліктің пікірін білгісі келетінін жеткізді.

“2026 жылы менен не күтесіздер? Жаңа Zuffa лигасында жұдырықтасайын ба?! Әлде тәжірибемді бөлісіп, елге қызмет етейін бе? Пікірлеріңіз өте маңызды!”, – деп жазды Данияр.

Zuffa лигасы туралы бұған дейін не айтылған?

Елеусінов бұған дейін Дана Уайт пен Турки әл аш-Шейх бастамашы болып отырған жаңа Zuffa лигасында өнер көрсету жоспары барын хабарлаған. Алайда соңғы жазбасынан кейін боксшының алдағы бағыты бір ғана нұсқамен шектелмейтіні аңғарылады.

Данияр Елеусиновтің бүгінге дейінгі соңғы айқасы 2025 жылдың шілдесінде АҚШ-та, Пенсильвания штатындағы Вашингтонда өткен. Ол кездесуде қазақстандық боксшы филиппиндік Джеймс Бейконды (26-6, 17 KO) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Рингке сирек шығуы нені білдіреді?

Айта кетейік, 34 жастағы Елеусінов соңғы жылдары рингте жиі көрінбей жүр: 2020 жылдан бері бар болғаны төрт жекпе-жек өткізген. Осы тұста оның “Zuffa немесе елге қызмет” деген таңдауы жанкүйерлер арасында қызу талқылануы мүмкін.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары