Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Тәжік боксшысы қазақтан WBA белбеуін тартып алуға ниетті

Сарапшы, спорт журналисі
15.12.2025, 17:33

Тәжікстандық кәсіпқой боксшы Авзалбек Қуранбаев (11-1-1, 8 KO) алдағы титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасап, қазақстандық қарсыласы Армат Арманұлымен (5-1, 4 KO) болатын кездесуге барынша дайын екенін айтты.

fightnews.info
Реклама
Реклама

Жекпе-жек қашан және қандай белбеу үшін өтеді?

20 желтоқсанда Алматыда Арманұлы мен Қуранбаев орта салмақтағы (middleweight) бос тұрған WBA Asia чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.

Қуранбаев дайындық кезеңін жоғары деңгейде өткізгенін айтып, Алматыға жеңіс үшін келетініне ерекше тоқталды. Сондай-ақ ол бұл атақты бұрын өзге салмақта иеленгенін еске салды.

«Құрметім бар, бірақ мен жеңу үшін барамын — қайта чемпион болғым келеді», – деді ол. 

Кештің басты айқасы: Нығметолла титулын қорғайды

20 желтоқсандағы бокс кешінің негізгі оқиғасында қазақстандық Ельшат Нығметолла (21-0-2, 8 KO) өзіне тиесілі WBA Asia белбеуін филиппиндік Алвин Камикеге (11-4, 6 KO) қарсы қорғайды. 

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары