Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялап, жанкүйер назарын өзіне аударды.
Тәшкенбай Instagram стористе ұлттық құраманың жұлдызы Төрехан Сабырханмен бірге өткен жаттығудың кадрларын бөлісті. Видеода 20 жастағы Сабырхан лапа ұстап, Ташкенбайдың соққыларына эмоциясын жасыра алмайды.
Жазбада Санжар қысқа да нұсқа ой қалдырған:
«Шоу жасауды үйретемін дейді», — деп жазды Тәшкенбай.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан мен Санжар Тәшкенбай 2025 жылдың қорытындысы бойынша World Boxing рейтингінде көш бастап тұр. Сондай-ақ олар Ливерпульде өткен осы ұйымның алғашқы әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген.
Төрехан Сабырхан — әлемде юниорлар және жастар арасында Азияның жалғыз төрт дүркін чемпионы.