Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Қайрат Сәтжанов Нұрбек Оралбайға қатысты маңызды шешім жариялады

Сарапшы, спорт журналисі
17.12.2025, 20:10

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов Олимпиаданың Париждегі күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайдың салмақ дәрежесін ауыстыруды жоспарлап отырғанын айтты.

olympic.kz
Реклама
Реклама

Нұрбек Оралбай қай салмаққа өтеді?

Бас бапкердің мәлімдеуінше, Нұрбек Оралбай 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесіне көшуге ниетті. Бұл туралы журналист Аслан Қаженов хабарлады. 

Сәтжанов сонымен қатар құраманың басқа салмақтардағы жоспарын да атап өтті:

  • 90 келіге дейінгі салмақта көшбасшы ретінде Сағындық Тоғамбай қала береді;
  • Дәулет Төлемісовтің де 90 келіге дейінгі санатқа көтерілуі мүмкін;
  • 90 келіден жоғары салмақта бапкерлік штаб жас боксшы Аслан Елдібайұлына ерекше үміт артып отыр.

Оралбайдың соңғы нәтижесі

Нұрбек Оралбай World Boxing 2025 әлем чемпионатында 1/4 финалда өзбекстандық Джавохир Умматалиевке төрешілердің бірауыздан шешімімен жол беріп, жүлдесіз қалған.

Еске салайық, Нұрбек Оралбай Париж-2024 Олимпиадасында және Ливерпульдегі World Boxing-2025 турнирінде 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары