Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Хоакин Бакли: «Мен Шавкат Рахмоновтың туған еліне одан да көбірек құрмет көрсетемін»

Сарапшы, спорт журналисі
18.12.2025, 11:17

Бакли Рахмоновқа үндеуіндегі Өзбекстан туралы сөзін түсіндірді.

Коллаж
Реклама
Реклама

UFC-дің жартылай орта салмағындағы рейтингісінде оныншы орында тұрған америкалық файтер Хоакин Бакли қазақстандық Шавкат Рахмоновқа әлеуметтік желіде үндеу тастағанда не себепті Өзбекстанды атап өткенін түсіндірді.

— Соңғы үндеулеріңнің бірінде Шавкатқа: «Өзбекстанда тығылып жүруді доғар» дедің. Сен оның басқа елдің өкілі екенін білесің бе?

"Ал ол қай жерде туған? Дұрыс, Өзбекстанда. Мен Өзбекстанға Шавкаттың өзінен де жақынырақпын. Мен Нурсултон Рузибоевпен жекпе-жекке Өзбекстанның туын иығыма жауып шықтым. Бұл менің Шавкат туған елге оның өзінен де көбірек құрмет көрсететінімді дәлелдейді".

— Нурсултон Рузибоевпен болған жекпе-жегің біздің әлеуметтік желілерде қатты талқыланды. Қазақстан мен Өзбекстан — көрші елдер, сондықтан бір-бірімізді жіті бақылап отырамыз. Өзбекстан жанкүйерлері тарапынан жеке хабарламалар немесе «шабуылдар» болды ма?

"Әлеуметтік желі — бір басқа. Ал шынайы өмірде менің Сент-Луистегі өзбек қауымдастығымен қарым-қатынасым өте жақсы. Мұнда үлкен өзбек диаспорасы бар. Менің бауырларымның бірі, ең жақын достарымның бірі — өзбек. Жекпе-жекке Өзбекстан туын алып шығуым — осы жігіттерге деген құрметім мен махаббатымды көрсету мүмкіндігі болды. Кейін маған тумен белгі қойғандардың барлығын әлеуметтік желімде бөлістім, оларды танытып, көпшілікке көрсеткім келді".

Одан бөлек Бакли Өзбекстанға барғысы келетінінде айта кетті:

"Сондай-ақ менің алдағы мақсаттарымның бірі — Өзбекстанға барып, сол жақтағы адамдармен уақыт өткізу. Түптеп келгенде, бәріміз бір тілде сөйлейміз — ол жекпе-жек тілі. Егер сен жүрегі бар жауынгер болсаң, кез келген жерде құрметке ие боласың", — деді Бакли.

Естеріңізге салсақ, Instagram-дағы жазбасында Хоакин Шавкатты «Өзбекстанда тығылуды тоқтатып», жекпе-жекке келісімшартқа қол қоюға шақырған. Сонымен қатар ол қазақстандық файтердің мекеніне қатысты бірнеше қорлайтын сөз айтқан.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары