Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі сторисінде соңғы жекпе-жек үшін қанша табыс тапқанын тікелей айтпай, ерекше тәсілмен меңзеді.
Спортшы өз инстаграм сторисіне алақанындағы биткоин бейнеленген фотоны жариялап, фон ретінде 50 Cent орындаған танымал «P.I.M.P» трегін қосты.
Хамитов жазбасында қысқа ғана:
«Бәріне бірден жауап беремін: Мәскеудегі соңғы жекпе-жек үшін тапқаным — міне, осынша», — деп қалдырған.

Осылайша файтер гонорарын “1 биткоин” деңгейінде екенін ишаралағандай әсер қалдырды. Қазір криптовалюта бағасы құбылмалы болғанымен, бір биткоиннің құны аз ақша емес. Сондықтан мұндай меңзеу жанкүйерлер арасында тез талқыланды.
Хамитовтың соңғы кездесуі 18 желтоқсанда Мәскеуде ACBJJ20 турнирінде өтті. Жекпе-жек бразилиялық джиу-джитсу ережесімен ұйымдастырылды.
Қуат Хамитов бұл бәсекеде ресейлік Рашид Магомедовты төрешілердің екіге бөлінген шешімімен (split decision) жеңді. Хамитовтың рекорды — 27-8-2.