Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Энтони Джошуа – Джейк Пол жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі
20.12.2025, 11:13

АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында ауқымды бокс кеші өтті.

Сурет: ашық дереккөздерден
Реклама
Реклама

Кештің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы, британдық Энтони Джошуа америкалық видеоблогер, шоумен әрі промоутер Джейк Полмен жұдырықтасты.

Бұл кездесу Энтони Джошуа үшін 2024 жылдың қыркүйегінен бергі алғашқы жекпе-жек болды. Ол кезде британдық боксшы отандасы Даниэль Дюбуаға нокаутпен есе жіберген еді. Ал Джейк Пол 2023 жылы Томми Фьюриден жеңілгеннен кейін қатарынан алты жеңіске жетіп, оның ішінде аты аңызға айналған Майк Тайсонды және бұрынғы әлем чемпионы Хулио Сесар Чавес-кішіні жеңген болатын.

Жекпе-жек барысында Джейк Пол көбіне қашықтық сақтауды, клинчке кіруді және қарсыласын байлап ұстауды жөн көрді. Алайда бесінші раундта Энтони Джошуа белсенділік танытып, соққыларын жиі әрі дәл тигізе бастады. Нәтижесінде ол Джейк Полды екі рет нокдаунға жіберді.

Алтыншы раундта рефери америкалық боксшыға тағы да есеп ашты. Келесі құлаудан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, сегіз раундқа жоспарланған айқас алтыншы раундта Энтони Джошуаның нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Бұл жеңіс Энтони Джошуаның кәсіпқой мансабындағы 29-шы жеңісі болды. Оның еншісінде төрт жеңіліс бар, ал 26 жекпе-жегін ол мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Джейк Пол үшін бұл кәсіби мансабындағы екінші жеңіліс саналады. Қазіргі таңда оның көрсеткіші — 12 жеңіс, соның жетеуі нокаутпен.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары