Жекпе-жек Алматы қаласында өтеді.
Қазақстандық суперауыр салмақтағы боксшы Нұрсұлтан Аманжолов (7-1, 6 KO) келесі жекпе-жегінің өтетін күнін нақтылады.
BoxRec.com дерегіне сүйенсек, Аманжолов 27 желтоқсанда қайтадан рингке шығады. Жекпе-жек Алматыда өтетін Ali Akhmedov Promotions ұйымдастыратын бокс кеші аясында жоспарланған. Қазіргі уақытта Нұрсұлтанның қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.
Алдағы кездесу Аманжолов үшін 2024 жылдың маусымынан бергі алғашқы жекпе-жек болмақ. Ол кезде қазақстандық боксшы өзбекстандық Мухиддин Раджапбаевты (12-18-1, 8 KO) мерзімінен бұрын жеңген еді. Ол айқас та Алматыда өткен.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Аманжолов бұған дейін украиналық әлем чемпионы Александр Усикпен, Ұлыбританияның бұрынғы суперауыр салмақтағы әлем чемпионы Энтони Джошуамен спарринг-серік ретінде дайындық жүргізген.