Реклама
Реклама
10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлының мансабындағы табысы жарияланды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 20:08

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының кәсіби мансабындағы жиынтық табысы шамамен 1,5 миллион доллар болуы мүмкін.

Instagram/@janibek_alimkhanuly
Реклама
Реклама

Басқа чемпиондармен салыстырсақ

Дереккөздегі мәліметке сәйкес, орта салмақтағы қазіргі белбеу иелерінің шамаланған табысы мынадай:

  • Карлос Адамес (WBC) — Әлімханұлымен шамалас сома;
  • Хамза Шираз — шамамен 1,2 млн доллар;
  • Эрисланди Лара (WBA) — белсенді чемпиондар ішінде көш бастап, шамамен 2 млн доллар. 

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 11 жеңісі нокаутпен аяқталғаны айтылады. 

Ларамен біріктіру жекпе-жегі неге өтпеді?

БАҚ дерегінше, 7 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Лараға қарсы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріктіру жекпе-жегін өткізуі тиіс болған. Алайда кездесу қарсаңында допинг-сынамада мельдоний табылғаны туралы ақпарат шығып, айқас өтпей қалды. Нәтижесінде Лара жоспардан тыс венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. 

Өтпеген жекпе-жекте Әлімханұлы чемпион ретінде 350 мыңнан 500 мың долларға дейін табыс табуы мүмкін еді.

Реклама
Реклама

Серіктес жаңалықтары