Қазақстанның аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дәуітбек (18-3) Жапонияда өткен RIZIN турниріндегі дау тудырған кездесуден соң көзінің қалай жарақат алғанын жариялады.
Қаршыға Дәуітбек пен жапониялық Юта Кубо (5-2) арасындағы айқас барысында қарсылас тарапынан көзге екі рет қатарынан саусақ тию эпизоды тіркелді. Осы жағдайдан кейін қазақстандық файтер жекпе-жекті жалғастыра алмай, кездесу “өтпеді” деп танылды.
Дәуітбек оқиғадан кейін көзінің қазіргі жағдайын көрсететін фото жариялап, жарақаттың салдары айқын байқалатынын жеткізді. Оның айтуынша, екінші рет болған соққыдан кейін көзі қатты ашып, көру қабілеті төмендеп кеткен.

Жекпе-жек кезінде Қаршыға Дәуітбек бапкеріне және оны тексерген дәрігерге мынадай шағым айтқан:
«Ештеңе көрмей тұрмын, көзімді аша алмаймын. Тек бір көз ғана көріп тұр. Ол екі рет саусағын көзіме тықты. Біріншісінде тоқтаған жоқпын, екіншісінде қатты тиді — саусақ дәл кіріп кетті. Ол тіпті екі көзімді де зақымдап, соқыр қылып кетуі мүмкін еді!»