10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Хоакин Бакли наурызда Белал Мухаммадпен айқасқысы келеді

Сарапшы, спорт журналисі
03.01.2026, 21:17

UFC-дің жартылай орта салмақтағы америкалық файтері Хоакин Бакли дивизионның бұрынғы чемпионы, отандасы Белал Мухаммадпен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бакли бұл кездесуді UFC 326 турнирінде ұйымдастыруды ұсынады. Аталған кеш 8 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтуі тиіс.

bloodyelbow.com

Баклидің ұсынысы: «8 наурыз — Вегаста жасайық»

Бакли әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде қарсылас ретінде Белалды қалайтынын ашық айтты. Оның сөзінше, жекпе-жектің нақты күні де дайын. 

Баклидің ойынша, бұл айқас екі спортшыға да мақсаттарына жақындауға мүмкіндік береді: жеңіске жеткені рейтингте де, титулдық мүмкіндікке қарай да маңызды қадам жасамақ.

Баклидің соңғы жекпе-жегі

Хоакин Бакли соңғы рет маусым айында UFC on ESPN 69 турнирінде октагонға шықты. Ол бұл кездесуде нигериялық экс-чемпион Камару Усманға төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жол берді.

Ал Белал Мухаммад қарашадағы UFC Fight Night 265 кешінде ирландиялық Иэн Гэрриден төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Реклама
Реклама