10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Реклама
Реклама

Жәнібек Әлімханұлының ақталуы екіталай – сарапшы пікірі

Сарапшы, спорт журналисі
10.01.2026, 10:49

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір айтылды.

Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Getty Images

Қытай халық университетінің доценті және Политехникалық мектептің ғылым докторы Фабьен Гаргам IBF/WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының В сынамасының ашылуына қатысты пікір білдірді.

«Мұндай жағдайдың ықтималдығы өте төмен, әсіресе мельдонийге қатысты. Егер В сынамасының нәтижесі теріс болып шықса, онда А сынамасының алғашқы қорытындысының дәлдігі күмән тудырады», – деп жазды доктор X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, желтоқсан айында Әлімханұлының допинг-сынамасы оның ағзасында тыйым салынған заттың бар екенін көрсеткен болатын. Осыдан кейін оның WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегі тоқтатылды. Кейінірек боксшының командасы В сынамасын ашуды сұратқан еді. Бүгін Қазақстанның кәсіби бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков В сынамасының ашылғанын хабарлады. Алайда талдау нәтижелері әзірге жарияланған жоқ.

Реклама
Реклама