Реклама
Реклама

Жалғас Жұмағұлов Еуропаның үздік файтерлері қатарына енді

Сарапшы, спорт журналисі
14.01.2026, 11:52

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының салмақ дәрежесіне тәуелсіз жаңартылған рейтингінде үздік үштікке кірді. Тізімде ол үшінші орынға тұрақтады.

Жалғас Жұмағұлов. Фото ашық дереккөзден

Жұмағұловтан жоғары тек екі спортшы орналасқан: ирландиялық ауыр салмақтағы Уилл Флери және Германияның орта салмақ чемпионы Керим Энгизек. Сонымен қатар қазақстандық файтер Oktagon тарихында ең жеңіл салмақта чемпион атанып, белбеуін сәтті қорғаған алғашқы спортшы ретінде тіркелген.

Жұмағұловтың соңғы жекпе-жегі қалай өтті?

Соңғы жекпе-жегінде Жалғас үлкен сенсация жасап, Прагада 20 мың жанкүйер жиналған аренада UFC-дің бұрынғы ТОП-15 файтері Давид Дворакты мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл жеңіліс чех спортшысы үшін соңғы 13 жылдағы мерзімінен бұрынғы техникалық нокаутпен ұтылған алғашқы жекпе-жегі болды.

UFC-ден кеткеннен кейін Жұмағұловтың рекорды 5-0. Енді ол 61 келі салмақта екінші чемпиондық белбеуді жеңіп алуды көздеп отыр.

Реклама
Реклама