Реклама
Реклама

Энтони Джошуа қайғылы жол апатынан кейін шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі
18.01.2026, 20:58

Бұрынғы әлем чемпионы, 2012 жылғы Олимпиада алтын жүлдегері Энтони Джошуа Нигериядағы қайғылы жол-көлік оқиғасынан кейін жаттығуды қайта бастағанын көрсетті. 

instagram/@anthonyjoshua

Қайғылы оқиға қашан және қай жерде болды?

Жол апаты 2025 жылғы 29 желтоқсанда Лагос – Ибадан бағытындағы тасжолда болған. Джошуа отырған Lexus жол талғамайтын көлігі жол шетінде тұрған жүк көлігімен соқтығысқан. 

Апатқа дөңгелектің жарылуы және көліктің жылдамдықты асырғаны себеп болуы мүмкін. 

Жол апаты салдарынан көлікте болған екі адам оқиға орнында көз жұмды. Джошуаның өзі жеңіл жарақат алған. 

Джошуаның шешімі: "Mental strength therapy" 

Джошуа әлеуметтік желіде жаттығудан видео жариялап, кадрға "Mental strength therapy" (психологиялық тұрақтылықты күшейту терапиясы) деген жазба қалдырған. Видеода боксшы соққы комбинацияларын пысықтап, жалпы дене дайындығы бойынша жаттығулар орындайды. 

Бұған дейін боксшының туысы — Адедамола Джошуа британиялық спортшының отбасы ішінде кәсіби мансапты тоқтату жайын айтқанын жеткізген. Бұл ақпаратты нигериялық The PUNCH басылымы жариялаған. 

Алайда Джошуаның өзі бұл шешімді ресми түрде растаған жоқ. Промоутері Эдди Хирн де алдымен спортшының моральдық тұрғыда қалпына келуін алға тартады. 

Соңғы жекпе-жек және статистика

Энтони Джошуа 2025 жылғы 19 желтоқсанда Майамиде Джейк Полға қарсы жұдырықтасып, 6-раундта нокаутпен жеңді. 

Оның мансабындағы көрсеткіші 29 жеңіс, 4 жеңіліс. 

Реклама
Реклама