Реклама
Реклама

IBF Дмитрий Биволға қарсылас тапты

Сарапшы, спорт журналисі
20.01.2026, 21:46

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ұйым чемпионы Дмитрий Биволға чемпиондық белбеуін қорғау үшін неміс Михаэль Айфертке қарсы жекпе-жекке байланысты келіссөздерді бастау жөнінде нұсқау берді. 

instagram/@bivol_d

IBF қандай талап қойды? 

IBF тәртібіне сай чемпион міндетті үміткермен уақытылы кездесуі тиіс. Осы жолы федерация Бивол командасына Айфертпен титулдық айқас бойынша келіссөз жүргізуді тапсырған.

Михаэль Айферт IBF белбеуіне міндетті үміткер мәртебесін 2023 жылдың наурызында алған. Содан бері оның кандидатурасы бірнеше рет күн тәртібінде тұрғанымен нақты дата бекітілмеген еді.

Boxing Scene мәліметінше, Биволдың командасы IBF талабын ескеруге дайын және Айфертпен кездесуді 2026 жылдың көктеміне жоспарлауға тырысады.

Биволдың соңғы айқасы және денсаулық жағдайы

Дмитрий Бивол соңғы рет шаршы алаңға 2025 жылдың ақпанында шықты. Ол қарымта кездесуде отандасы Артур Бетербиевті жеңіп, өз позициясын нығайтқан. Кейін Бивол операция жасатып, осыған байланысты IBF оған белбеуді қорғау мерзімі бойынша уақытша демалыс берді. 

Биволдың кәсіпқой мансабындағы көрсеткіші:

  • 25 жекпе-жек
  • 24 жеңіс
  • 1 жеңіліс
Реклама
Реклама