Реклама
Реклама

Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты UFC октагонынан тыс қалды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 10:10

Қазақстандық ММА жауынгері шамамен 9-10 ай бойы жарақатына байланысты UFC октагонына шықпайтын болды.

Шавкат Рахмонов. Фото: Getty Images

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов тағы да жарақат алды. Бұл туралы танымал журналист Ариэль Хельвани хабарлады.

Хельванидің айтуынша, "Номад" бұрын жарақаттаған тізесін қайта зақымдап, жуырда операция жасатқан. Дәл осы тізе жарақаты Рахмоновты бір жылдан астам уақыт октагоннан тыс қалдырған еді. Алдын ала болжам бойынша, ол тағы 9–10 айға дейін жекпе-жекке шыға алмайды.

Кеше Шавкат Рахмонов Алматыда өткен Naiza лигасының турниріне келіп, балдақпен жүргені көпшіліктің назарын аударған. Кейін оның жаттықтырушысы Эдуард Базров спортшының денсаулығында мәселе барын растады.

Айта кетейік, Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 8 желтоқсанында UFC 310 турнирінде (Парадайс, Невада, АҚШ) өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Реклама
Реклама