Реклама
Реклама

Шакур Стивенсон Теофимо Лопесті тас-талқан етіп, төртінші дивизионда әлем чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 16:20

Нью-Йоркте өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық кәсіпқой боксшы Шакур Стивенсон отандасы Теофимо Лопесті айқын басымдықпен ұтып, бірінші жартылай орта салмақта (63,5 кг дейін) WBO чемпионы атанды. 

espn.com

Лопес белбеулерін қорғай алмады

Бұл кездесуде Теофимо Лопес WBO және The Ring белбеулерін қорғауға шыққан. Ал Стивенсон үшін бұл — бірінші жартылай орта салмақтағы дебюттік жекпе-жек болды.

Жекпе-жек толық 12 раундқа созылды.Бірақ сценарийі бір бағытта өрбіді. Рингте бастаманы Стивенсон толық өз қолына алды. Ол дәл соққылар саны бойынша қарсыласынан бірнеше есеге озып кетті — 165 қарсы 72.

Төрешілер бірауыздан шешім шығарды

Нәтижесінде төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіс Шакур Стивенсонға берілді. Үш арбитр де бірдей есеп көрсетті — 119:109.

Осылайша 28 жастағы Стивенсон WBO бойынша бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанды. Бұған қоса оның еншісінде WBC жеңіл салмақтағы белбеуі де бар. Бұрын америкалық боксшы әлем чемпионы атағын тағы екі дивизионда — полулегкий және екінші полулегкий салмақтарда иеленген.

Әуесқой бокста Стивенсон Рио-2016 Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған. Кәсіпқой рингте ол әлі жеңіліс көрмеді: 25 жекпе-жек — 25 жеңіс, оның 11-і нокаутпен.

Теофимо Лопес бұл жекпе-жекте алты жеңістен тұратын сериясын тоқтатып, мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады. Оның рекорды: 22 жеңіс (13 нокаут) және 2 жеңіліс.

Реклама
Реклама