Қазақстандық қарсыласымен көз арбасты. Енді "қадай" ма? (ВИДЕО)
АҚШ жеріндегі шапалақ шоу ертең өтеді. Зәкір Найманбаев америкалық Уэс Менаға қарсы шығады.
Қазақстандық спортшы Зәкір Найманбаев АҚШ-та өтетін Power Slap 18 турнирі алдында қарсыласы — америкалық Уэс Менамен көз арбасты.
Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді
Шапалақ шоу аясындағы екі спортшының жекпе-жегі Американың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтеді.
Қазіргі рейтинг бойынша:
- Зәкір Найманбаев – ауыр салмақта 6-орында,
- Уэс Мена – 4-орында тұр.
Найманбаевтың соңғы жекпе-жегі
Қазақстандық спортшы Power Slap лигасындағы соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қараша айында өткізді. Ол кездесуде Найманбаев төрешілердің бірауыздан шешімімен рейтинг көшбасшысы Дориан Переске жол берген еді.
Ал Уэс Мена соңғы рет 2025 жылдың 24 қазанында Абу-Дабиде өткен Power Slap 16 турнирінде өнер көрсетті. Сол жекпе-жекте ол америкалық Дариус Мата-Варонға жеңіліп қалды.
Power Slap туралы
Power Slap — пощёчина бойынша өтетін әлемдегі алғашқы ресми санкцияланған лига. Оның негізін қалаушы әрі иесі — UFC президенті Дана Уайт.