Кездесудің уақытысы мен қайда өтетіні белгілі.
Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Биволдың рингке оралатын күні белгілі болды. Боксшы 23 мамырда өтетін ірі бокс кешінде жекпе-жек өткізеді.
Ресейлік боксшының қарсыласы Германия өкілі Майкл Эйферт болады. Ол IBF нұсқасы бойынша міндетті үміткер саналады.
Боксшылардың командалары арасындағы келіссөздер бірнеше рет кейінге шегерілгенімен, тараптар ақырында ортақ келісімге келген. Кездесу Египеттегі Гиза пирамидалары маңында өтетін бокс кешінің андеркардында ұйымдастырылмақ.
Бұл кештің басты оқиғасы – Александр Усик пен Нико Верховен арасындағы жекпе-жек. Ал Бивол мен Эйферттің кездесуі сол кештің маңызды андеркардтарының бірі болады.
Дмитрий Бивол соңғы рет Артур Бетербиевпен өткен реваншта жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион атанған болатын. Осыдан кейін боксшы арқа жарақатына байланысты операция жасатып, шамамен алты ай бойы қалпына келу кезеңінен өтті.
Қазір ол толықтай сауығып, қайтадан рингке шығуға дайын екенін мәлімдеді.
Егер Дмитрий Бивол Майкл Эйфертті жеңсе, келесі жекпе-жек Артур Бетербиевқа қарсы өтуі мүмкін. Сонымен қатар, WBC чемпионы Дэвид Бенавидеспен кездеседі деген де болжам бар.