Реклама
Реклама

Қазақстандық боксшылар Еуропадағы турнирде жеті алтын медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі
Бүгін, 03:55

Қазақстанның жас боксшылары Черногорияның Будва қаласындағы халықаралық "Адриатика жауһары" турнирінде жарқын нәтиже көрсетті. 

instagram/@024_boxingcom

Қоржында 19 жүлде

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, 17-18 жас аралығындағы боксшылар қатысқан “Адриатика жауһары” турнирінде ұлттық құрама 19 медаль жеңіп алды.

Дәстүрлі халықаралық турнир 4-11 наурыз аралығында өтіп, рингке шамамен 150 боксшы шықты. Олар бірнеше салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.

Ерлер құрамасы үш алтын алды

Ұлдар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының қоржынына үш алтын медаль түсті. Чемпион атанғандар:

  • Әділ Асқанбай — 50 келі
  • Данияр Ақбисенов — 60 келі
  • Ақжүрек Қалабай — 65 келі

Күміс жүлдеге ие болғандар:

  • Нұрхан Құмарбеков — 50 келі
  • Айдамир Сауытбек — +90 келі

Қола медаль алғандар:

  • Нұрбек Қыздарбек — 80 келі
  • Дәулет Төлеуғалиев — +90 келі

Қыздар құрамасы төрт алтын медаль еншіледі

Қыздар арасындағы жарыста қазақстандық боксшылар тіпті мықты нәтиже тіркеді. Алтын медаль иегерлері:

  • Мәдира Жұмақан — 48 келі
  • Рамина Маханова — 54 келі
  • Алина Құдайгенова — 60 келі
  • Алтынгүл Аймұхан — 75 келі

Күміс жүлдегерлер:

  • Ғалиябану Ғабит — 48 келі
  • Жәнел Имантаева — 54 келі
  • Индира Қыдырмолдаева — 60 келі
  • Жайнагүл Сабыржан — 65 келі
  • Жансая Молдабаева — 80 келі

Қола жүлде алғандар:

  • Жәмила Болатбекқызы — 54 келі
  • Жаннұр Қалдыбек — 54 келі
  • Ксения Свечкарова — 65 келі
Реклама
Реклама