Әлем кубогы кезеңі: Боксшыларымыз кіммен жұдырықтасады?

Сарапшы, спорт журналисі
20.04.2026, 10:53

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтетін турнирге жеребе тартылды. 

Vesti.kz

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтетін World Boxing ұйымының Әлем кубогының алғашқы кезеңіне жеребе тартылып, Қазақстан құрамасының боксшылары алғашқы қарсыластарын білді.

Ерлер құрамасының қарсыластары

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар келесі қарсыластармен жұдырықтасады:

  • 51 кг: Даниял Сәбит — Иштван Сака (Венгрия)
  • 55 кг: Бағлан Кенжебек — Жирайр Саргсян (Армения)
  • 60 кг: Жансері Көшербаев — Джуд Галлахер (Ирландия)
  • 65 кг: Мұхаммедсабыр Базарбайұлы — Хассен Атиа (Тунис)
  • 70 кг: Фарух Тоқтасынов — Джон Макконнелл (Ирландия)
  • 75 кг: Санжарәлі Бегалиев — Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан)
  • 80 кг: Диас Молжігітов — Каи Ториябе (Жапония)
  • 85 кг: Сұлтанбек Айбарұлы — Паоло Карузо (Италия)
  • 90 кг: Дәулет Төлемісов — Исайас Фильо (Бразилия)

Турнир туралы

Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтеді. Бұл додаға әлемнің түкпір-түкпірінен үздік боксшылар жиналады.

Қазақстан ерлер құрамасы жарыста тоғыз салмақ дәрежесінде өнер көрсетсе, әйелдер құрамасы жеті салмақта бақ сынайды.

Реклама
Реклама