Қазақстандық файтер нокаут жасай ма? Отандасымыз UFC-де америкалықпен төбелеседі

Бокс шолушысы
14.05.2026, 16:19

Николай Веретенников 17 мамыр күні UFC Fight Night 276 турнирінде Калин Уильямспен жұдырықтасады. 

Offside.kz

Қазақстандық ММА файтері Николай Веретенников осы аптада UFC-дегі кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыз 17 мамыр, жексенбі күні Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 276 турнирінде октагонға шығады.

Веретенниковтың қарсыласы америкалық Калин Уильямс болады. Екі файтердің айқасы негізгі кард аясында өтеді.

Веретенников — Уильямс жекпе-жегі қашан басталады?

Николай Веретенников пен Калин Уильямс арасындағы кездесу Қазақстан уақытымен 05:00-де басталады. Турнир АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өтеді. 

Соңғы айқас

Айта кетейік, Николай Веретенников соңғы рет октагонға ақпан айында шықты. Сол кезде қазақстандық файтер америкалық Нико Прайсты бірінші раундта нокаутқа түсіріп, маңызды жеңіске қол жеткізді.

Бұл жеңіс Веретенниковтың UFC-дегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда оның промоушендегі рекорды — 2 жеңіс және 3 жеңіліс.

Жалпы кәсіби ММА-дағы көрсеткіші — 14 жеңіс және 7 жеңіліс.

Ал Калин Уильямс соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың маусымында өткізген. Швециялық Андреас Густафссонға төрешілердің бірауыздан шешімімен есе жіберді.

Америкалық файтердің кәсіби рекорды — 15 жеңіс және 5 жеңіліс.

Реклама
Реклама