Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралатыны белгілі болды

Спорт шолушысы
Бүгін, 12:22

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров спортшының жарақатынан кейінгі қалпына келу барысы туралы айтып, ықтимал мерзімді атады.

Jeff Bottari/Getty Images

Sports.kz басылымына берген сұхбатында Эдуард Базров қазіргі таңда Майкл Моралеске қарсы жекпе-жек бойынша келіссөз жүріп жатпағанын мәлімдеді.

“Қазір ешқандай келіссөз жоқ. Ең жақсы жағдайда Жаңа жылдан кейін ақпан айында ораламыз. Жекпе-жекке дайындалу үшін кемінде үш айлық оқу-жаттығу жиыны қажет. Алдымен аяғындағы жарақатты толық емдеп алуымыз керек. Мүмкін бір жарым айдан кейін ғана толыққанды күресуге мүмкіндік туады. Содан кейін ғана дайындық кезеңін бастауға болады”, – деді Базров.

Тізе жарақаты толық жазылмаған

Шавкат Рахмонов ауыр тізе жарақатына байланысты оңалту курсынан өтіп жатыр. Еске салсақ, қазақстандық файтердің UFC-дегі соңғы кездесуі 2024 жылдың желтоқсанында өтті. Ирландиялық Иэн Гэрримен өткен кездесуде отандасымыз төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, жеңіліссіз сериясын жалғастырған болатын.

Реклама
Реклама