Балауса Мұздыман қырғызстандық чемпионды жеңіп, рекордын жаңартты (ВИДЕО)

Спорт шолушысы
Бүгін, 18:00

Балауса Мұздыман Алматыдағы Akhmedov Promotions бокс кешінде рингке сәтті оралды. 

instagram/@muzdi__

Төрешілер Мұздыманның жеңісін мойындады

Балауса Мұздыман Аделина Сатыбалдиевамен кездесті. Қырғызстандық боксшы бұған дейін әуесқойлар арасында өз елінің чемпионы атанған. Қарсыластар айқасты толық өткізгеннен кейін жеңімпаз төрешілердің ұпайы бойынша анықталды.

Төрешілер бірауыздан Балауса Мұздыманды жеңімпаз деп таныды.

Осылайша қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы оныншы жеңісіне жетті.

Қазіргі таңда Балауса Мұздыманның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші: 10 жеңіс, 0 жеңіліс, 7 нокаут.

Бір жылға жуық үзілістен кейін рингке оралды

Бұл Балауса Мұздыманның 2025 жылғы 5 қыркүйектен кейінгі алғашқы жекпе-жегі болды.

Сол күні Алматыдағы бокс кешінде үндістандық Мамта Сингхті төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.

Реклама
Реклама